2018 жылдың 13 шілде күні орталық медбикесі Г.Т Абдрасилова қауіпті және зиянды жәндіктерден қорғану мақсатымен, алдын-алу шаралары жөнінде дәріс өткізді. Жазғы маусым уақытында жәндіктермен пәтерде, қала көшелерінде, табиғатта бетпе-бет кездесуіміз мүмкін.
«Үміт» дағдарыс орталығының» қызметалушыларымен балалары 2018 жылдың 12 шілде күні Астана қаласы әкімдігінің «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешеніне экскурсияға барып қайтты. Астана аумағында Кешен 2001 жылдың 8 тамызында еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өкімі бойынша ашылды. Картада Қазақстанның облыстары мен қалаларында орналасқан айтарлықтай көрнекті тарихи сәулет ескерткіштері мен ерекше ландшафтары бейнеленген.
2018 жылдың 11 шілде күні, тәрбиеші Роза Кабыкенқызы және психолог Жазира Курбаналиқызының ұйымдастыруымен Орталықтың ауласында балаларға арналған шағын пленэр өтті. Табиғатта сурет салу барысында балалар үйреншікті көздегі табиғаттың сұлулығын, әр затты басқа қырмен көруді үйренеді, сонымен қатар оларда түсті қабылдау және жарық пен көлеңкенің ауысу процессін бақылаушылдық дамиды.
2018 жылдың 5 шілде күні Астана қаласы әкімдігінің «Үміт» дағдарыс орталығында» «Дағдарысқа «Жоқ» деп айтамыз» атты тренинг өтті. Қарапайым түсініспеушілікке, өмірлік қиындықтарға дейінгі ауыр қайғы мен психиканы жарақаттайтын оқиғалар мен жағдайлар себеп болатын, біздің өміріміз стресстік жағдайларға толы. Тренингтің мақсаты- оң мотивацияны қалыптастыру, сонымен қатар әйелдер арасындағы өзара қарым-қатынасты қалпына келтіру, қылықтарымен өзіне деген ерекшеліктерін көре білуді сипаттау болып табылады.
Еліміздің бас қаласы- Астананың 20 жылдығына орай, ағымдағы жылдың 4-ші шілде күні, Астана қаласы әкімдігінің «Үміт» Дағдарыс орталығы» қызметалушыларға мерекелік концерт ұйымдастырды. Астана қаласының жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары С.О.Нургожина және орталығымыздың директоры Г.И.Куканбеков өз құттықтау сөздерін білдіріп, іс-шараны ашып берді.