Астана қаласы әкімдігінің «Үміт» Дағдарыс орталығында» (бұдан әрі-Орталық) 2018 жылдың 24 шілде күні өмірлік қиын жағдайға тап болған әйелдер мен балаларға қажетті қолдау көрсету және олардың проблемаларын шешу мақсатында, Астана қаласы әкімінің бас инспекторы, әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясаты комиссиясының хатшысы Р.А.Имангазинова, Ішкі істер департаментінің аға инспекторы А.А.Серікбаева және білім басқармасы мен №5 қалалық емхананың өкілдерінің қатысуымен орталықтағы қызметалушылармен кездесу өтті.
Кеңестік әңгіме әрбір қызметалушымен өткізілді. Кездесу барысында Р.А.Имангазинованың шешімі бойынша әйелдерді жұмысқа орналастыру, мамандық бойынша қысқа мерзімді курстарды игеру, құқықтық көмек көрсету, балаларды мектеп пен балабақшаларға орналастыру және медициналық қызмет көрсету бойынша мәселелер қаралып, уәкілетті органдарға тиісті тапсырмалар берілді.