Куканбеков Галихан Ихсанович  

Директор

Сенім телефондары

+7 7172 49-78-89

Email: centr_07_2013@mail.ru

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Үміт» дағдарыс орталығы» КММ

Дағдарыс орталығы 2013 жылдың 1 қарашасында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 29 мамырдағы  Қаулысы негізінде ашылған.

Дағдарыс орталығының жұмысы "Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету Стандартына" сәйкес жүзеге асырылады  Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 21 желтоқсандағы 2016 жылғы № 1079  Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 2017 жылдың 20 қаңтарында  № 14701 тіркелген. Стандарт Қазақстан Республикасының 2008 жылдың 29 желтоқсанындағы "Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы" Заңның 8-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген.

Дағдарыс орталығы ерекше мемлекеттік меншіктегі мамандандырылған әлеуметтік қорғау мекемесі болып табылады.

Дағдарыс орталығы 50 төсек-орынға арналған. Дағдарыс орталығы әртүрлі мәзірлермен күніне 4 рет тамақтануды қамтамасыз етеді.

Орталықта ойын бөлмесі, оқу бөлмесі, кір жуатын орын, бассейні бар сауықтыру кешені, еңбек терапиясы бөлмесі, Орталықтың ауласында балалар ойын алаңы және жаттығу залы бар.

Орталық – стационар жағдайында, әлеуметтік қатерге ұшыраған және әлеуметтік азапқа ұшыраған, соның ішінде отбасылық зорлық-зомбылыққа ұшыраған адамдарға арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін  құрылған.

Дағдарыс орталығына тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары 18-ден 58 жасқа дейінгі аралықта, оның ішінде қатыгездікке ұшыраған балалардың өз бастамасы бойынша, сондай-ақ білім беру, денсаулық сақтау және ішкі істер органдары тарапынан да қабылданады.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны - тұрмыстық зорлық-зомбылықпен байланысты тікелей құқықбұзушылық негізінде әлеуметтік бейімсізделу мен әлеуметтік депривацияға әкеп соққан моральдық, физикалық және мүліктік зиян көрген жеке тұлға.

Дағдарыс орталығында қызмет алушыларды қабылдау келесі құжаттардың негізінде жүзеге асырылады:

  • Қызмет алушының жазбаша өтініші;
  • Нұр-Сұлтан қаласының жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының шешімі мен жолдамасы;
  • Жеке куәлік, баланың туу куәлігі (жеке басын куәландыратын құжатсыз адамдар да Дағдарыс орталығына қабылдануы мүмкін).

Қызмет алушылар Дағдарыс орталығына келген күннен бастап 72 сағат ішінде медициналық тексеруден, санитарлық өңдеуден өтеді және медициналық тексеруден өту барысында карантинге арналған бөлмеге  орналастырылады. Пайдалануға жарайтын киім-кешек пен жеке заттары дезинфекцияланып, шаруашылық бикесіне беріледі.

Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау Комиссиясының шешімімен Орталықта болу мерзімі 1 айдан 6 айға дейін.

 Дағдарыс орталығының қызметі туралы үнемі ақпаратпен қамтамасыз етілуіне байланысты, жүгінулердің саны көбейді.

Әрбір қызмет алушымен оның мәселелерін анықтайтын, қиын жағдайдан шығу үшін іс-шараларды белгілейтін әлеуметтік қызметкер жұмыс жасайды. Олардың әрқайсысы үшін жеке жұмыс жоспары жасалып, жүргізіліп жатқан іс-шараларды бақылау және бағалау жүргізіледі.

Негізінен, Орталыққа келетін әйелдерде тұрақты жұмыс орны жоқ. Білімдері - жалпы білім / орта кәсіптік білім. Жаман әдеттерден темекі шегу, өте сирек жағдайларда алкоголь. Көптеген жағдайларда неке қию ресми түрде тіркелмеген. Келіспеушіліктер тұрмыстық жағдайсыздық, ақшаның жетіспеушілігі, ерлі-зайыптылардың біреуінің (көбіне күйеу / бірге тұрушы) алкогольдік сусындарға, құмар ойындарға және басқа гипертрофиялық құмарлықтарға байланысты туындайды.

Дағдарыс орталығы мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен ведомствоаралық өзара әрекеттестікке, ҮЕҰ-мен, астананың шеңберінде және одан тыс жерлердегі волонтерлармен жұмыс істеуге  ерекше көңіл бөледі. Дағдарыс орталығы мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдармен белсенді өзара әрекеттеседі. Астана қаласы ішкі істер департаменті, әділет департаменті, жергілікті полиция қызметі, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, жұмыспен қамту, Нұр-Сұлтан қаласының дін істері бойынша басқармалары мен, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен, ЖИТС орталығымен, «Шанс», «Қорғау», «Келешек» қоғамдық қорларымен,  Нұр-Сұлтан қаласындағы  Қызыл Жарты Ай филиалымен, Нұр-Сұлтан қаласының Менеджмент және бизнес колледжінің студенттерімен, «Астана Медицина университеті» АҚ-ның волонтерларымен, «KZ» қоғамдық қорымен, «Клуб Добряков Астаны» қоғамдық бірлестігімен тұрақты негізде өзара әрекеттестік жүргізілуде.