Сенім телефондары

+7 7172 49-78-89

Email: centr_07_2013@mail.ru

Дағдарыс орталығының негізгі мақсаты сегіз бағыт бойынша арнайы әлеуметтік қызметтерді ұсыну болып табылады:

  1. Әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер: Қызмет алушылар төсек-орын жабдықтарымен, сабын-жуу құралдарымен, гигиеналық құралдармен, жаялықтармен, төрт реттік тамақпен, 3 жасқа дейінгі балалары бар әйелдер міндетті қосымша балалар тағамымен (шырындар, ботқа, ана сүтін алмастырғышпен) қамтамасыз етіледі.

Қызмет алушылар бөлмесі толықтай жиһаздалған, әр бөлмеде сантехникалық торапты жеке жуыну бөлмесі бар. Ыстық және суық су үзіліссіз беріледі. Орталықта ойын бөлмесі, оқу бөлмесі, кір жуатын орын, бассейні бар сауықтыру кешені, еңбек терапиясы бөлмесі, Орталық алаңындағы балалардың ойын алаңқайы, жаттығу залы жабдықталған.

  1. 2. Әлеуметтік-медициналық қызметтер: Дағдарыс орталығының медицина қызметкерлері дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетеді, денсаулық жағдайын, тазалық сақтау мен өмір сүру жағдайына күн сайын тексеріс жүргізеді, салауатты өмір салтын сақтауға бағытталған алдын алу шараларын ұйымдастырады. ЖИТС орталығының және туберкулезге қарсы диспансердің мамандарымен бірге аурулар мен ЖЖБИ алдын-алу, СӨС сақтау туралы дәрістер оқылады.
  2. Әлеуметтік-психологиялық қызметтер: Орталыққа түскеннен бастап әйелдер және балалармен психолог маман жұмыс жасайды. Психолог маман қорқыныш, агрессия, алаңдаушылықты жою үшін жеке психологиялық сессия жүргізеді. Туындаған отбасылық мәселелерді шешуге және де қайта қайталанбауына көмектеседі.
  3. Әлеуметтік-экономикалық қызметтер: Қызмет алушыларға жеңілдіктер, жәрдемақылар, өтемақы және басқа да төлемдерді алу, тұрғын үй мәселелерін шешуде және олардың қызығушылық тудыратын мәселелерін шешуге уақтылы, толық, білікті және тиімді көмек көрсетіледі.
  4. Әлеуметтік-құқықтық қызметтер: Азаматтық, отбасылық, мүліктік және заттық құқықтарға, құжаттарды қалпына келтіруге, алимент өндіруге, шығындардың орнын толтыруға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік қамтамасыз етуге қатысты мәселелер бойынша арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсетуде құқықтық кеңес беру; тұрмыстық зорлық-зомбылық деректерін тергеу, сот өндірісі және орындау кезінде құқық қорғау органдары мен сот органдарымен ынтымақтастыққа жәрдемдесу; құқықтық маңызы бар құжаттарды ресімдеуге жәрдемдесу; тұрғылықты жері бойынша тіркеу және тұрғын үй құқықтарын қалпына келтіру; ішкі істер органдарына, сот төрелігіне, денсаулық сақтауға, әлеуметтік қорғауға, білім беруге өтініштерді (арыздарды, шағымдарды) дайындау және беруге жәрдемдесу; арнайы әлеуметтік қызметтер ұсынатын және қызмет алушылардың заңды құқықтарын бұзатын немесе нұқсан келтіретін ұйымдардың іс-әрекеттеріне немесе әрекетсіздіктеріне жүгінулерді дайындауға және беруге жәрдемдесу.
  5. Әлеуметтік-мәдени қызметтер: Қызмет алушылармен балаларына мәдени-демалыс іс-шаралары ұйымдастырады. Қызмет алушылар Дағдарыс орталығының іс-шараларына белсене қатысады, атап айтқанда: мемлекеттік мерекелер, Жаңа жылдық кештер, балалардың туған күндері, Отбасы күні, Балаларды қорғау күні және тағы да басқа. Тәрбиешілер балалармен тәрбие сағатын үнемі өткізеді. Қызмет алушылардың  балаларына өздері де белсенді қатынасатын шығармашылық ертеңгіліктер өткізіледі: ән айтады, би билейді, өлең оқиды және сурет салады.
  6. Әлеуметтік-еңбек қызметтер: Қызмет алушыларының қолда бар дағдыларын зерттеу бойынша іс-шараларды жүргізуді қамтиды; кәсіптік бағдар мен кеңес беруде көмек көрсету; қызмет алушыларға қол жетімді мамандықтар мен практикалық дағдыларды үйрету бойынша іс-шараларды өткізуге жәрдемдесу. Орталықта еңбек терапиясы бөлмесі бар, онда қызмет алушылар тоқу, кесте тігу, тігін тігу, өру дағдыларын игере алады. Оқыту үшін қажетті жабдықтар бар: тігін машиналары, шығармашылыққа, тоқуға арналған жиынтықтар.
  7. Әлеуметтік-педагогикалық қызметтер: отбасылық құндылықтарды дамытуға бағытталған сабақтарды ұйымдастыру және өткізу. Қызмет алушыларды оқытуға көмек көрсету. Құндылықты бағдарды, мақсат пен мінез-құлық дағдыларын өзгерту бойынша сабақтар жүргізу зорлық-зомбылықтың қайталанған жағдайларының алдын алу,
    қажет болған жағдайда оқу құралдарын және оқу керек-жарақтарын алуға көмек көрсету.