Сенім телефондары

+7 7172 49-78-89

+7 707 336 20 36

Email: centr_07_2013@mail.ru

Санитарлық-гигиеналық нормаларға сәйкес келетін тұрғын үй-жайлар ұсынылады, сондай-ақ қызмет алушылардың жайлы тұруы мен төрт мезгіл тамақтануы қамтамасыз етіледі.

Санитарлық-гигиеналық процедуралар үшін жуыну құралдары, сондай-ақ өз-өзіне қызмет көрсетуге арналған жеке гигиеналық заттар ұсынылады.

Орталықта үй жағдайына жақын тұрғын үй-жайлар бар. Әр отбасы кең шкафтармен, төсек-орындармен және төсек жанындағы тумбочкалармен жабдықталған жеке бөлмеде тұрады. Әр бөлмеде жеке жуыну бөлмесі бар.

Сондай-ақ, қызмет алушылар теледидар көре алатын демалыс бөлмесі қарастырылған.

Орталықта балаларға арналған ойын және ұйықтайтын бөлмелер жабдықталған.

 

Қауіпсіздік шаралары

Орталық аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында тәулік бойы күзет қызметі ұйымдастырылған. Заманауи өрт дабылы жүйесі және бейнебақылау орнатылған, оған 44 бейнекамера кіреді (сыртқы — 7, ішкі — 37). Саты алаңдары қорғаныш торларымен жабдықталған.