Сенім телефондары

+7 7172 49-78-89

+7 707 336 20 36

Email: centr_07_2013@mail.ru

Балаларға арналған білім беру және дамытушы қолдау:

 

  1. Білім беру қолдауы
    Балабақшаға немесе мектепке баруға жәрдемдесу: педагогтармен кеңесу, қажетті құжаттарды рәсімдеуге және оқу құралдарымен қамтамасыз етуге көмек көрсету.
  2. Оқу процесін ұйымдастыруға қолдау
    Баланың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында ашық сабақтар, шеберлік сыныптары, үйірмелер мен дамытушы сабақтар өткізу.
  3. Шығармашылық және бос уақытты ұйымдастыру
    Мәдени-көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру: ертеңгіліктер, мерекелер, байқаулар, балалар ән айтып, сурет салып, би билейді. Балаларды мәдени және спорттық белсенділіктерге белсене тарту.
  4. Педагогикалық сүйемелдеу
    Педагогтер балалармен орталықта болған барлық уақыт бойы бірге жұмыс істейді: күнделікті сабақтар өткізіп, үй тапсырмаларын орындауға көмектеседі, оқу жетістігін қадағалайды. Сондай-ақ психологтармен, әлеуметтік қызметкерлермен және заңгерлермен бірлескен мультидисциплинарлық топ құрамында жұмыс істейді.

 

 

Балаларға арналған инфрақұрылым

Кризистік орталық мыналармен жабдықталған:

 

  • Балалар іс-шараларына арналған ойын және оқу бөлмелері, кітапхана мен акт залы;
  • Даму мен еркін ойынға арналған балалар алаңы және сенсорлық бөлме.