1. Жеңілдіктер мен төлемдерді алуға жәрдемдесу:
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік жәрдемақыларды, өтемақыларды, алименттерді, субсидияларды және басқа да төлемдерді ресімдеуге және алуға көмек көрсету. Төлемдер мен жеңілдіктерді алу үшін қажет жоғалған құжаттарды қалпына келтіруге қолдау көрсету.
2. Тұрғын үймен қамтамасыз ету:
Уақытша немесе тұрақты тіркеуге қою, тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін кезекке қою.
Әлеуметтік-экономикалық қызметтер мыналарға ықпал етеді:
•Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының қаржылық тәуелсіздігін қамтамасыз ету;
•Осалдықты және қайталанатын дағдарыс қаупін азайту;
•Ұзақ мерзімді әлеуметтік және экономикалық бейімделуге жәрдемдесу.