Сенім телефондары

+7 7172 49-78-89

+7 707 336 20 36

Email: centr_07_2013@mail.ru

2018 жылдың 1 қазан күні "Үміт"дағдарыс орталығының медбикесі Абдрасилова Гүлзира Төребекқызы Бүгін қызмет алушылармен "Тұмаудың алдын алуы және емделу жолдары" жөнінде дәріс әңгіме өткізді. Тұмаудан сақтану жолдары, алдын алу шаралары, емдеу жолдары қызмет алушыларға түсіндірілді.

177

2018 жыл 31- қазан күні «Үміт» дағдарыс орталығының психологы Жазира Құрбанәліқызы балалардың ой - өрісін дамыту мақсатында жеке жұмыстар өткізді. « Балаға бірнәрсе үйретудің ең жақсы тәсілі- ойын. Өйіткені ойын арқылы бала санауды, әріптерді, айналасындағы әрбір заттарды танып білу және көріп сезіну  түйсіктері арқылы баланың ойында тез сақталады»-дейді психолог.

173

2018 жылдың 24 қазан күні "Үміт" дағдарыс орталығында "Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күніне" орай мерекелік шара өтті. Шараның басты мақсаты әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлерінің еңбегін елеп ескеру. Концерттің басы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысының орынбасары Нургожина Сәуле мен Орталық директоры Куканбеков Галиханның құттықтау сөзімен басталды.

195

Көптеген  балалар суретті сүйсініп салады. Кішкентай кезде бұл – сызықтар мен шимайлар, ал кейін суреттер әлдебір мағыналы нәрсеге айналады. Кейбір жайсыдықтарға қарамастан - төгілген бояулар, кір болған жейделер, ата-аналар баланың шығармашылығына оң көзбен қарайды. Шыныменде, балаларға да, үлкендерге де сурет салу тек қана қызықты емес, сонымен қоса пайдалы процесс.

233

«Үміт»  дағдарыс орталығында  2018 жылдың 10- қазан күні «Біз біргеміз- және бұл керемет» атты тақырыпқа қызметалушы балаларға арналып  психолог  Ж.Қ Сұлтанбекованың тренингі өткізілді. Тренинг бірнеше бөлімнен тұрады. Олардың әрқайсысы белгілі бір мақсатқа ие арнайы ойындар жиынтығы болып табылады.

281