2019 жылдың 23-қаңтар күні Астана қаласы әкімдігінің «Үміт» дағдарыс орталығының психологы Жазира Құрбанәліқызы «Сана трансформациясы» атты тренинг өткізді. Тренингте негативті энергиядан арылуға көмектесетін жаттығулар болды. Психолог қызмет алушыларға өткенді босату, өкпе-реніштен арылу, өзіңді қабылдау, жақсы көру, даму үшін сананы өзгерту керек екенін айтты.
Мотивациялық тренингтер бүгінгі таңда ең танымал және сұранысқа ие болып отыр.Өйткені адам қалаған мақсаттарға жету үшін ынталандыру қиын.Сондықтан үнемі түрлі психологиялық бағдарламалар әзірленеді, олардың көмегімен адам өзі үшін қанаттандыратын дүние екенін түсінеді. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан кейін мотивациялық тернингтің маңызы өте жоғары.
2018 жылдың 11 қаңтарында "Үміт" дағдарыс орталығының заңгері Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында "Отбасылық сот"пилоттық жобасын енгізу шеңберінде өткізілген жұмыс кеңесіне қатысты. Сондай-ақ, кеңеске Астана қаласы жергілікті полиция қызметі, Астана қаласының прокуратурасы және Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының өкілдері қатысты.
2018 жылдың 28 желтоқсан күні Астана қаласы әкімдігінің «Үміт» дағдарыс орталығында Жаңа жылдық шырша өтті. Жаңажылдық мерекеге сай безендірілген алаңда Аяз ата, Ақшақар мен жыл иелері барлық қатысушыларға ғажайып ертегідегідей сезім сыйлады. Сонымен қатар ертегі кейіпкерлері Микки-Маус, Пираттар, Перілер өнер көрсетті.
Астана қаласының Атамекен полатасының мүшелері және қоғам белсенділері 2018 жылдың 26 желтоқсан күні «Үміт» дағдарыс орталығының қызметалушыларына арнап мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Іс-шараның барысы бойынша қызметалушылар Мамас-пицца орталығында өз қолдарымен пицца жасады. Кәсіби аспаздар қызметалушыларға пицца жасаудың қыр-сырын үйретті.