Ағымдағы жылдың 19- шілде күні орталығымызға Нұр-Сұлтан қаласы «Нұр Отан» партиясының «Байқоңыр» аудандық филиалы жанындағы «Жас Отан» ЖҚ белсенділері «Ана жүрегі» атты концерттік бағадарламасымен қонаққа келді. Талатты жастар орталығымыздың қызметалушыларымен балаларын тамаша өнерлерімен таң қалдырып, қазақтың ұлттық аспаптарында өнер көрсетті.
Еліміздің бас қаласы- Нұр-Сұлтан қаласының туған күніне орай, ағымдағы жылдың 4-ші шілде күні, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Үміт» дағдарыс орталығының қызметалушыларына мерекелік концерт ұйымдастырылды. Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту әлеуметтік қорғау басқармасының бөлім басшысы И.В Скуб және орталығымыздың директоры Г.И.Куканбеков өз құттықтау сөздерін білдіріп, іс-шараны ашып берді. Орталықтың кішкентай бүлдіршіндері мерекелік кешті, Елордаға арналған өлең жолдарынан бастап, «Елімнің жүрегі-Елорда» атты ән шырқады. Халықаралық «Шабыт» университетінің студенттеріне, сондай-ақ «Айлин» триосына, аниматорларға, ұмытылмас көңіл-күй сыйлап, концертті жоғары деңгейде өткізгені үшін шынайы ілтипат пен зор алғысымызды білдіреміз. Нұр-Сұлтан– халқымыз үшін тәуелсіздік пен өсіп-өркендеудің алтын тұғыры. Елорданың озық архитектуралық жаңаруы барлық қазақстандықтарды жаңару жолына шақыруда үлгі көрсетуде. Оның өсіп-өркендеуі сөз жоқ, мемелекетіміздің абыройы. Нұр-Сұлтан қаласының туған күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
2018 жылдың 3 шілдесінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Үміт" дағдарыс орталығының қызмет алушылары Жастар театрының "ақыл патшалығы" атты спектакаліне барды. Орталық балалары эмоцияға толы көңіл-күймен қойылымның ұнаған сәттерін ұзақ талқылады. Балаларға осындай демалыс түрі өте ұнады,олардың театрға деген қызығушылығы артты.
2019 жылдың 31 мамыр күні Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің "Үміт" дағдарыс орталығында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік концерт өтті. Концерт Нұр-сұлтан қаласының Көлік және коммуникация колледжімен бірлесіп ұйымдастырылды. Көлік және коммуникация колледждің директоры, әрі мәслихат депутаты Гаипов Зулфухар Сұлтанұлы балаларды арнайы құттықтап, сыйлықтар таратты. Тамаша көңіл күймен басталған мерекелік іс шара көңілді әндермен, билермен жалғасты. Балаларға жағымды эмоциялар сыйлау -бұл өте қайырымды әрі қызықты жұмыс. Мерекелік іс шараның негізгі мақсаты да осы. Концерт өз мақсатын орындап, балаларды үлкен қуанышқа бөледі.
Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің «Үміт» дағдарыс орталығында 2019 жылдың 31-мамыр күні Халықаралық балалар күніне орай «Көңілді старт» атты спорттық эстафета өтті. Мерекелік іс-шара Нұр-сұлтан қаласының Мәдениет және спорт басқармасының қолдауымен өткізілді. Дағдарыс орталығында тұратын балалардан «Сұңқар» мен «Тұлпар»атты екі команда кұралды.Командалар арасында көңілді, әрі тартысты ойын болды. Орталықта тұратын барлық балаларға сыйлықтар таратылды.