Сенім телефондары
+7 7172 49-78-89
+7 707 336 20 36
Email: centr_07_2013@mail.ru
Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің «Үміт» дағдарыс орталығында 2019 жылдың 31-мамыр күні Халықаралық балалар күніне орай «Көңілді старт» атты спорттық эстафета өтті. Мерекелік іс-шара Нұр-сұлтан қаласының Мәдениет және спорт басқармасының қолдауымен өткізілді. Дағдарыс орталығында тұратын балалардан «Сұңқар» мен «Тұлпар»атты екі команда кұралды.Командалар арасында көңілді, әрі тартысты ойын болды. Орталықта тұратын барлық балаларға сыйлықтар таратылды.
2019 жылдың 18-мамыр күні Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің "Үміт" дағдарыс орталығына Нью-Йорк қаласының БҰҰ Штаб-пәтерінің өкілдері ресми сапармен келді. Келудегі негізгі мақсаттары Қазақстандағы дағдарыс орталығының жұмысымен танысу.
2019 жылдың 17-сәуір күні "Ерекше Мерекелер" қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастыру жөніндегі ҚҚ "Будуар концепт стор" сұлулық студиясымен бірлесіп, Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің "Үміт "дағдарыс орталығы" КММ қызмет алушыларына визаж және шаштараз өнері бойынша жабық мастер класс өткізді. Шеберлік сыныбын елорданың жетекші стилистері мен визажистері Зубаржат Әлибаева мен Динара Ислямова, сондай-ақ hair стилист Айнұр Әмірханова жүргізді.
2019 жылдың 2-сәуір күні Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің «Үміт» дағдарыс орталығында Өрт қауіпсіздігі жайлы лекция өтті. Нұр-сұлтан қаласының төтенше жағдайлар департаметінің аға инженері Өміржан Дидар өрт қауіпсіздігі жайлы лекцияны өткізді. Лекция бірнеше кезеңнен тұрды:
2019 жылдың 2-сәуір күні Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің "Үміт" Дағдарыс орталығында "Өнер-өмір айнасы" қорының актерлері «Бұлбұл мен Әтеш» ертегісін қойды. Адамды ертегімен таныстыру оның өмірінің алғашқы жылдарынан басталады. Ертегі баланың ойын дамытады, қиялдауға үйретеді. Ал баланың қиялдары – бала тұлғасының толыққанды дамуының маңызды шарты, оның жан саулығының кепілі.