2019 жылдың 2-сәуір күні Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің «Үміт» дағдарыс орталығында Өрт қауіпсіздігі жайлы лекция өтті. Нұр-сұлтан қаласының төтенше жағдайлар департаметінің аға инженері Өміржан Дидар өрт қауіпсіздігі жайлы лекцияны өткізді. Лекция бірнеше кезеңнен тұрды:
- Өрт қауіпсіздігі жайлы жалпы ережелер түсіндірілді. Өрт пайда болған жағдайда жасалатын алғашқы әрекеттер баяндалды.
- Лектор орталықтың қызметкерілеріне өрт сөндіргішпен қалай жұмыс істеу керек екенін көрсетті.
ТЖД аға инженері көбінесе өрт осындай ұйымдарда жиі пайда болатынын айтып, мекемеде қауіпсіздік ережелерін сақтау керегін ескертті.