Сенім телефондары
+7 7172 49-78-89
+7 707 336 20 36
Email: centr_07_2013@mail.ru
2018 жылдың 27-наурыз күні " Бақытты отбасы-бақытты ел!" акциясы аясында Нұр-сұлтан қаласының ДП полиция қызметкерлері Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің «Үміт» Дағдарыс орталығында болып, қызмет алушылармен дәріс өткізді. Осы дәрістің негізгі мақсаты отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, жұртшылықтың назарын аудару, зорлық-зомбылық құрбандарын ақтау бойынша қызмет көрсету, психологиялық, педагогикалық, құқықтық көмек көрсету болып табылады.
2019 жылдың 20-наурыз күні Астана қаласы әкімдігінің «Үміт» дағдарыс орталығында наурыз мерекесіне орай «Ұлыстың ұлы күні-Әз Наурыз» атты мерекелік концерт өтті. Мерекелік кешті Астана қаласы әкімдігінің филармониясы ашты.
2019 жылдың 6-наурыз күні "Үміт" Дағдарыс орталығында Халықаралық әйелдер күніне арналған "Ана-өмірдің шырағы" атты мерекелік концерт өтті. Орталық директоры әйелдер қауымын Мерекемен құттықтады! Орталықтың қызметкерлері мен қызмет алушылары мерекелік ойын-сауық бағдарламасын дайындады.
Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері «Үміт» дағдарыс орталығының жұмысымен танысуға келді
2019 жылдың 27-ақпан күні Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері «Үміт» дағдарыс орталығының жұмысымен танысуға келді . ТЖ департаментінің қызметкерлері дағдарыс орталығының жұмыс ерекшеліктерімен, орталықтың қызмет алушыларының қабылдану ережелерімен және тұру шарттарымен танысты.
26-ақпан 2019 жылы «Үміт» дағдарыс орталығының тәрбиешісі Қаукер Төлепбергенқызы «Ана-өмір шуағы» атты тақырыбында балалармен тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: балаларды "Халықаралық әйелдер күні" мерекесімен таныстыру.