Астана қаласы әкімдігінің «Үміт» дағдарыс орталығының тәрбиешісі Бурханова Роза Қабыкенқызы «Тұңғыш президент» күніне арналған қызмет алушыларға тәрбие сағатын өткізді. Бұл ашық сабақтың мақсаты қазақ халқының көшбасшысы, ҚР Тұңғыш Президенті туралы білімдерін кеңейту.
2018 жылдың 2-желтоқсан күні орталық психологы Базарбай Алтын «Агрессия» тақырыбында тренинг өткізді. Бұл тренингтің мақсаты: білім алушылардың мінез-құлқындағы агрессивті үрдістерді түзету.
Астана қаласы әкімдігінің «Үміт» дағдарыс орталығы Тұңғыш президент күніне орай қызмет алушыларға арнап «Тұңғыш президент музейіне» экскурсия ұйымдастырды. Экскурсияның мақсаты қызмет алушыларға республиканың мемлекеттік егемендігінің қалыптасуы және тәуелсіз демократиялық мемлекет құрудағы оның Тұңғыш президенті Н.Ә Назарбаевтың тарихы рөлін көрсету.
Астана қаласы әкімдігінің "Үміт" дағдарыс орталығы"КММ Астана қаласы жергілікті полиция басқармасымен бірлесіп ағымдағы жылдың 27 қарашасында гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы «белсенді іс-қимылдың 16 күні" ақпараттық-насихаттау акциясын өткізді.
Астана қаласы әкімдігінің "Үміт" дағдарыс орталығында көрсетілетін қызметтердің бірі әлеуметтік-педагогикалық қызметтер болып табылады. Осы мақсатта орталық үнемі тренингтер, оқыту курстарын өткізеді.