Сенім телефондары
+7 7172 49-78-89
+7 707 336 20 36
Email: centr_07_2013@mail.ru
2018 жылдың 5 - қазан күні «Үміт дағдарыс» орталығының Директоры Г.И. Куканбеков мекеме тәрбиеші қызметкерлерін: Р.К. Бурханованы, К.Т. Есімбаеваны, Ж.К. Рахметованы, С.С. Жолдасованы «Ұстаздар күні» кәсіби мерекесімен құттықтады.
Астана қаласы әкімдігінің «Үміт» Дағдарыс орталығының» ұйымдастыруымен 2018 жылдың 1 қазан күні қызметалушылар «Kango» паркіне барып қайтты. Балалар батуттан секіріп, бір-бірімен ойнап, үлкен әсер алды. Көңілді басталған аптаның алғашқы күні, балаларға күш-қуат сыйлады.
2018 жылдың 21 қыркүйек күні Астана қаласы әкімдігінің «Үміт» дағдарыс орталығында, 22 қыркүйек- Қазақстан халықының тілдер күніне арналған «Ана тілім - ардақтым» атты тәрбие сағаты өтті.
2018 жылы 17 қыркүйек күні Астана қаласы «Үміт» дағдарыс орталығында психолог Жазира Құрбаналиқызының ұйымдастыруымен 2- 5 жас аралығындағы балаларға арналған «Сиқырлы сөздер» атты тренинг өтті. Тренингтің басты мақсаты: есту және көру арқылы есте сақтауын жетілдіру.
2018 жылғы 17 қыркүйек күні Астана қаласы «Үміт» дағдарыс орталығының балалары, «Happylon» балалардың ойын - сауық орталығына (СО «MEGA Silk Way») барды. Көздің жауын алатын әткеншектер мен көңіл-күйді көтеретін құралдар арқылы орталықтың балалары қызықты ертегі әлеміне кіргендей әсер алды.