2018 жылғы 17 қыркүйек күні Астана қаласы «Үміт» дағдарыс орталығының балалары, «Happylon» балалардың ойын - сауық орталығына (СО «MEGA Silk Way») барды. Көздің жауын алатын әткеншектер мен көңіл-күйді көтеретін құралдар арқылы орталықтың балалары қызықты ертегі әлеміне кіргендей әсер алды.
Әр бала ойын- сауық орталығында өзіне ұнайтын ойындарды тапты. Балалардың ойын -сауық орталығында өткізген аздаған уақыттары өмірлерінде есте қаларлықтай ерекше және көңілді өткізді.
Орталықтың балаларына осындай жақсы көңіл-күй сыйлаған «Happylon» балалардың ойын - сауық орталығының әкімшілігіне үлкен алғысымызды айтамыз.