2018 жылдың 21 қыркүйек күні Астана қаласы әкімдігінің «Үміт» дағдарыс орталығында, 22 қыркүйек- Қазақстан халықының тілдер күніне арналған «Ана тілім - ардақтым» атты тәрбие сағаты өтті.
Тәрбие сағатының мақсаты: Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде» деп айтқаныдай, балаларды ана тілінің қасиетін сезінуге, мәртебесін көтеруге баулып, танымдық қабілетін арттыру. Өз тілімізді білу және құрметтеу.
Орталықтың балалары туған тілімізге арналған өлең шұмақтарын айтып, тіл өнеріне байланысты мақал-мәтелдерді жарыса айтты.
Тәрбие сағаты балалардың «Анам тілім- ардақтым» тақырыбына арнайы салған суреттерімен жалғасты. Тәрбие сағатымыздың соңы балалар «Анамның тілі» атты ән шашуымен аяқталды.