Сенім телефондары

+7 7172 49-78-89

+7 707 336 20 36

Email: centr_07_2013@mail.ru

2018 жылдың 10 қыркүйек күні «Үміт» Дағдарыс орталығында» Астана қаласы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығы өкілдері «Діни экстремизм мен терроризмді алдын алу» діни ағарту бойынша, сондай-ақ  «Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау» басқармасының қызметкерлері қызметалушы әйелдерге жұмысқа орналастыру мәселері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын өткізді.

190

Риясыз жақсылық жасау – биік адамгершіліктің белгісі. Қазіргі уақытта адамгершілік қасиетке мол тұлғалар, қайырымды жандар ол- еріктілер болып табылады. Жаңа оқу жылы қарсаңында 2018 жылдың 28 тамыз күні «Клуб добряков Астаны», «Үміт» дағдарыс орталығындағы  қызметалушы балаларға мектепке арналған керек-жарақтар сыйлады.

216

2018 жылдың 28 тамыз күні Астана қаласы әкімдігінің «Үміт» Дағдарыс орталығының» ұйымдастыруымен орталықтағы қызметалушы балалар «Арман» кинорталығындағы «Вилли и крутые тачки» атты мультфильміне барып қайтты. Жақсы әсер алған орталықтың балалары мультфильмнің ұнаған сәттерін ұзақ талқылады.

206

2018 жылдың 29 шілде күні Конституция күніне орай орталықтың тәрбиеші мамандары Гаухар Төлепбергенқызы, Роза Кабыкенқызы және психолог Алтын Серікқалиқызының ұйымдастыруымен балаларға және қызметалушыларға, «Конституция- кемелдік кепілі» атты тәрбие сағаты, сондай-ақ «Елім менің» атты интелектуалдық ойын және флэшмоб өткізді.

384

Мереке қарсаңында Астана қаласы әкімдігінің «Үміт дағдарыс орталығы» КММ-сі кезекті рет «KFC» ресторандар желісімен бірлесіп қызметалушыларға дастархан жайды. «The Caspian International Restaurants Company» (KFC) әкімшілігіне, және оның директоры Ю.В.Бабич мырзаға, орталықтағы балаларға қуаныш сыйлағаны үшін шын жүрекпен алғысымызды білдіреміз.

200