Сенім телефондары
+7 7172 49-78-89
+7 707 336 20 36
Email: centr_07_2013@mail.ru
Еліміздің бас қаласы- Астананың 20 жылдығына орай, ағымдағы жылдың 4-ші шілде күні, Астана қаласы әкімдігінің «Үміт» Дағдарыс орталығы» қызметалушыларға мерекелік концерт ұйымдастырды. Астана қаласының жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары С.О.Нургожина және орталығымыздың директоры Г.И.Куканбеков өз құттықтау сөздерін білдіріп, іс-шараны ашып берді.
2018 жылдың 29 маусым күні «Үміт» Дағдарыс орталығында» Астана қаласы Төтенше жағдайлар өкілдері- Азаматтық қорғаныс басқармасының аға лейтенанты Б.Н Ахметалин және курсант Т.М. Дюсембаевтың қатысуымен террористік акт іс-қимылы, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар кезде туындаған өртке қарсы қауіпсіздік ережелер бойынша семинар өткізілді.
Астана қаласының 20 жылдығына орай, Астана қаласы әкімдігінің «Үміт» дағдарыс орталығы» КММ ағымдағы жылдың 29 маусым күні, «Байтерек-Астана» монументіне орталықтағы қызметалушылармен балаларға экскурсия ұйымдастырды. Байтерек-Астана- бас қаланың көрікті жерлерінің бірі, елбасының саябағы мен жаңадан бой көтерген орамдардың ең танымал көрініс алаңын көруге мүмкіндік береді. Балалардың көпшілігі монументке алғашқы рет келді, барлығы әлемдегі барлық діни ағымдардың символы, 17 жапырақты ағаш глобусының және шағын галереялардың жанында естелікке суретке түсті.
Демалыс күндерін балалар зерігіп өткізбес мақсатында әлеуметтік қызмет маманы орталықта салауатты өмір салтын насихаттап балалар арасында "Көңілді старт" іс-шарасын өткізді. Жылдамдықпен ептілікті талап ететін қызықты жарыстар кішкентай спортшыларға өте қатты ұнады.
Орталықтың медбикесі Абдрасилова Г.Т жұмыс жоспарына сәйкес апта сайын, қызметалушылар медициналық тексеруден өту үшін, №5 қалалық емхана бекіткен аймақтық дәрігерді шақырады. Жоспар бойынша профилактикалық тексеру дер кезінде денсаулықтың ауытқуларын, күдікті жұқпалы ауруларды (желшешек, қызылша, ЖРВИ) алдын алу және болдырмау үшін керек.