Еліміздің бас қаласы- Астананың 20 жылдығына орай, ағымдағы жылдың 4-ші шілде күні, Астана қаласы әкімдігінің «Үміт» Дағдарыс орталығы» қызметалушыларға мерекелік концерт ұйымдастырды. Астана қаласының жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары С.О.Нургожина және орталығымыздың директоры Г.И.Куканбеков өз құттықтау сөздерін білдіріп, іс-шараны ашып берді.
Орталықтың кішкентай бүлдіршіндері мерекелік кешті, Астанаға арналған өлең жолдарынан бастап, «Елімнің жүрегі-Астана» атты ән шырқады. Халықаралық «Шабыт» фестивалінің бас жүлдегері Жақсыгелді Маясаров, Халықаралық байқаулардың лауреаты Гүлнұр Жақсылықова мен Дихан Ильяшевқа, сондай-ақ «Нұр-сәулет» би ансамблі, цирктік қойылым әртістеріне, ұмытылмас көңіл-күй сыйлап, концертті жоғары деңгейде өткізгені үшін шынайы ілтипат пен зор алғысымызды білдіреміз. Астана – халқымыз үшін тәуелсіздік пен өсіп-өркендеудің алтын тұғыры. Елорданың озық архитектуралық жаңаруы барлық қазақстандықтарды жаңару жолына шақыруда үлгі көрсетуде. Оның өсіп-өркендеуі сөз жоқ, мемелекетіміздің абыройы.