Сенім телефондары

+7 7172 49-78-89

Email: centr_07_2013@mail.ru

"Көңілді старт"

Демалыс күндерін балалар зерігіп өткізбес мақсатында әлеуметтік қызмет маманы орталықта салауатты өмір салтын насихаттап балалар арасында "Көңілді старт" іс-шарасын өткізді. Жылдамдықпен ептілікті талап ететін қызықты жарыстар кішкентай спортшыларға өте қатты ұнады.

Ойын түріндегі спорттық эстафеталар- қызығушылықты арттыруға, оқушыларды белсенді және салауатты өмір салтын ұстануға, сондай-ақ ұжымшылдық сезімін тәрбиелеуге, өзара қол ұшын беруге ең жақсы тәсіл болып табылады.