Астана қаласының 20 жылдығына орай, Астана қаласы әкімдігінің «Үміт» дағдарыс орталығы» КММ ағымдағы жылдың 29 маусым күні, «Байтерек-Астана» монументіне орталықтағы қызметалушылармен балаларға экскурсия ұйымдастырды. Байтерек-Астана- бас қаланың көрікті жерлерінің бірі, елбасының саябағы мен жаңадан бой көтерген орамдардың ең танымал көрініс алаңын көруге мүмкіндік береді. Балалардың көпшілігі монументке алғашқы рет келді, барлығы әлемдегі барлық діни ағымдардың символы, 17 жапырақты ағаш глобусының және шағын галереялардың жанында естелікке суретке түсті.
Сонымен қатар, балалар Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың оң қолының із танбасы бар «Аялы алақан» композициясына алақандарын қойып, тілек тіледі. Экскурсия қызықты және танымды өтті, қазіргі заманғы нақышқа кеңелген атмосфера балаларды үлкен шаттыққа бөледі. «Байтерек-Астана» әкімшілігіне және оның директоры М.Г.Сапаргалив мырзаға, балалардың демалуына мүмкіндік бергені үшін, алғысымызды білдіреміз.