Сенім телефондары

+7 7172 49-78-89

+7 707 336 20 36

Email: centr_07_2013@mail.ru

2018 жылдың 16 шілде күні Астана қаласы әкімдігінің «Үміт» дағдарыс орталығында» кіші және мектеп жасындағы балалар үшін психологиялық жаттығулар түрінде тренинг өтті. Актерлік техниканы, релаксациялық жаттығуларды, сюжеттік-рөлдік ойындарды, диагностикалық әдістерді қамтитын жаттығулар 3-9 жас аралығындағы балаларға өзіне сенімді болуға, айналасындағылармен қарым- қатынасын оңалтуға және алаңдаушылықты төмендетуге көмектесу үшін бағытталған.

348

2018 жылдың 13 шілде күні орталық медбикесі Г.Т Абдрасилова қауіпті және зиянды жәндіктерден қорғану мақсатымен, алдын-алу шаралары жөнінде дәріс өткізді. Жазғы маусым уақытында жәндіктермен пәтерде, қала көшелерінде, табиғатта бетпе-бет кездесуіміз мүмкін.

246

«Үміт» дағдарыс орталығының»  қызметалушыларымен балалары 2018 жылдың 12 шілде күні Астана қаласы әкімдігінің «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешеніне экскурсияға барып қайтты. Астана аумағында Кешен 2001 жылдың 8 тамызында еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өкімі бойынша ашылды. Картада Қазақстанның  облыстары мен қалаларында орналасқан айтарлықтай көрнекті тарихи сәулет ескерткіштері мен ерекше ландшафтары бейнеленген.

357

2018 жылдың 11 шілде күні, тәрбиеші Роза Кабыкенқызы және психолог Жазира Курбаналиқызының  ұйымдастыруымен Орталықтың ауласында балаларға арналған шағын пленэр өтті. Табиғатта сурет салу барысында балалар үйреншікті көздегі табиғаттың сұлулығын, әр затты басқа қырмен көруді үйренеді, сонымен қатар оларда түсті қабылдау және жарық пен көлеңкенің ауысу процессін бақылаушылдық дамиды.

698

2018 жылдың 5 шілде күні Астана қаласы әкімдігінің «Үміт» дағдарыс орталығында» «Дағдарысқа «Жоқ» деп айтамыз» атты тренинг өтті. Қарапайым түсініспеушілікке, өмірлік қиындықтарға дейінгі ауыр қайғы мен психиканы жарақаттайтын оқиғалар мен жағдайлар себеп болатын, біздің өміріміз стресстік жағдайларға толы. Тренингтің мақсаты- оң мотивацияны қалыптастыру, сонымен қатар әйелдер арасындағы өзара қарым-қатынасты қалпына келтіру, қылықтарымен өзіне деген ерекшеліктерін көре білуді сипаттау болып табылады.

170