Сенім телефондары

+7 7172 49-78-89

Email: centr_07_2013@mail.ru

«Дағдарысқа «Жоқ» деп айтамыз

2018 жылдың 5 шілде күні Астана қаласы әкімдігінің «Үміт» дағдарыс орталығында» «Дағдарысқа «Жоқ» деп айтамыз» атты тренинг өтті. Қарапайым түсініспеушілікке, өмірлік қиындықтарға дейінгі ауыр қайғы мен психиканы жарақаттайтын оқиғалар мен жағдайлар себеп болатын, біздің өміріміз стресстік жағдайларға толы. Тренингтің мақсаты- оң мотивацияны қалыптастыру, сонымен қатар әйелдер арасындағы өзара қарым-қатынасты қалпына келтіру, қылықтарымен өзіне деген ерекшеліктерін көре білуді сипаттау болып табылады.

Тренинг барысында эмоционалдық стресстен және дабылдан тез арылу тәсілдерімен жаттығулар орындалды. Психолог Султанбекова Жазира Құрбаналиқызы әйелдерге: өзің түсінуді, қоғамда ортақ тіл табуды, өз қажеттілігімен тілегін тұжырымдауды, өз эмоцияларын, сондай-ақ өзге адамдардың эмоциясын сезінумен түсінуге үйретті.