2018 жылдың 16 шілде күні Астана қаласы әкімдігінің «Үміт» дағдарыс орталығында» кіші және мектеп жасындағы балалар үшін психологиялық жаттығулар түрінде тренинг өтті. Актерлік техниканы, релаксациялық жаттығуларды, сюжеттік-рөлдік ойындарды, диагностикалық әдістерді қамтитын жаттығулар 3-9 жас аралығындағы балаларға өзіне сенімді болуға, айналасындағылармен қарым- қатынасын оңалтуға және алаңдаушылықты төмендетуге көмектесу үшін бағытталған.
Тренинг барысында әр бала өзіндік санасы арқылы және рөлдік мінез-құлқымен психологқа өзінің дамуы мен эмоцияларын таныта алды.