2018 жылдың 13 шілде күні орталық медбикесі Г.Т Абдрасилова қауіпті және зиянды жәндіктерден қорғану мақсатымен, алдын-алу шаралары жөнінде дәріс өткізді. Жазғы маусым уақытында жәндіктермен пәтерде, қала көшелерінде, табиғатта бетпе-бет кездесуіміз мүмкін.
Олар өте кішкентай болағанымен, өте қауіпті болып табылады. Дәрісте Гүлзира Төребекқызы адам өміріне қатер тудыратын жәндіктердің түрлері жөнінде, қауіпсіздік шаралары, шаққан кезде аурудың белгілері туралы түсіндірді, сондай-ақ тыңдаушылардың барлық сұрақтарына жауап берді. Жәндіктердің шағуын болдырмас үшін: қолмен жер, тастарды ұстамау, пайданалар алдында жемістерді тексеру, киімді ашық түсті матадан дұрыс таңдау, басқан жерді қадағалау қажет. Сақ болыңыздар!