Сенім телефондары

+7 7172 49-78-89

Email: centr_07_2013@mail.ru

«Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешеніне экскурсияға барып қайтты

«Үміт» дағдарыс орталығының»  қызметалушыларымен балалары 2018 жылдың 12 шілде күні Астана қаласы әкімдігінің «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешеніне экскурсияға барып қайтты. Астана аумағында Кешен 2001 жылдың 8 тамызында еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өкімі бойынша ашылды. Картада Қазақстанның  облыстары мен қалаларында орналасқан айтарлықтай көрнекті тарихи сәулет ескерткіштері мен ерекше ландшафтары бейнеленген.

«Атамекен» Қазақстан Картасы» танымдық-көркемдік кешені бір сағат ішінде мемлекетіміздің мәдениетімен, тарихымен, өнеркәіп объектілерімен таныстырды. «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенінің әкімшілігіне және оның директоры Сейдімбек С.А ханымға, балалардың демалуына мүмкіндік бергені үшін, сондай-ақ, тек тарихымызды таныстыра қоймай, қызықтырған сұрақтарымызға жауап беріп, қызықты және танымды экскурсияны өткізгені үшін экскурсияшы Несіпбек Фаризаға алғысымызды білдіреміз.