Сенім телефондары

+7 7172 49-78-89

Email: centr_07_2013@mail.ru

Тренинг «Сиқырлы сөздер»

 2018 жылы 17 қыркүйек күні Астана қаласы «Үміт» дағдарыс орталығында психолог Жазира Құрбаналиқызының ұйымдастыруымен 2- 5 жас аралығындағы балаларға арналған «Сиқырлы сөздер» атты тренинг өтті. Тренингтің басты мақсаты: есту және көру арқылы есте сақтауын жетілдіру.

Баланың ойша жұмыс істеу қабілетін дамытуға бағытталған.  Соның бірі «Рет-ретімен санайық» жаттығуы. Бұл  әдістеме арқылы балалар сандарды рет-ретімен санауды, түстерді ажырата білуге үйренеді. Тренинг өте қызықты және тартысты өтті.