Сенім телефондары
+7 7172 49-78-89
+7 707 336 20 36
Email: centr_07_2013@mail.ru
2019 жылдың 21-ақпан күні Астана қаласының сотында"Отбасылық сот" пилоттық жобасын енгізу барысында "Балаға достық әділдік" атты тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті. Германия сарапшылары, Отбасылық істер жөніндегі судья Кристиан Рох және жастар ісі жөніндегі ведамство өкілі Керстин Бекманн өз тәжірибесімен бөлісті.
18.02.2019 жылы "Үміт" дағдарыс орталығының қызмет алушыларына психолог "ата-ананың балаға қарым-қатынасы"тақырыбында дәріс өткізді.
Астана қаласы әкімдігінің «Үміт» дағдарыс орталығына әр түрлі жастағы балалары бар әйелдер түседі. Орталықта қызмет алушылар 6 ай көлемінде тұрғандықтан, олардың маңызды мерекелері,салт жоралғылары бізде атап өтіледі. Бұл қызмет алушылардың жағдайын жақсартуға, күйзелістен арылуға ықпалдасады. Орталықта жиі өткізілетін қазақ халқының салт-дәстүрінің бірі тұсау кесер.
2019 жылы 7 ақпанда Астана қаласы әкімдігінің "Үміт" дағдарыс орталығында коучинг-кәсіби бағдар беруші Назгүл Төлегенованың қатысуымен "Әйел болу өнері; балаларды ана ретінде тәрбиелеу" тақырыбында тренинг өткізілді. Тренер әйелдерге күш-қуатпен толысудың, кешірім жасау және реніштен босау техникасын үйретті.
2019 жылдың 6-ақпан күні «Үміт» дағдарыс орталығының психологы Жазира Құрбаналиқызы балалармен көп кезеңді тренинг өткізді. Тренингтің мақсаты: жаңадан келген қызмет алушылардың орталыққа бейімделуіне көмектесу, ішкі эмоцияны шығару және онымен жұмыс жасау; әлеуметтік ортасына өз ойын жеткізе білу және жағымды атмосфера орнату. Тренингтің бірінші кезеңі Танысудан басталды.