2019 жылы 7 ақпанда Астана қаласы әкімдігінің "Үміт" дағдарыс орталығында коучинг-кәсіби бағдар беруші Назгүл Төлегенованың қатысуымен "Әйел болу өнері; балаларды ана ретінде тәрбиелеу" тақырыбында тренинг өткізілді. Тренер әйелдерге күш-қуатпен толысудың, кешірім жасау және реніштен босау техникасын үйретті.
Коуч-кәсіби бағдар беруші әйелдік,эмоционалдық жағдайлар және өмірдегі мақсат туралы білім берді.Сондай-ақ, Қызмет алушылардың сұрақтарына байланысты көптеген тақырыптар қозғалды. Нәтижесінде қызметалушылар өз жағдайларына екінші жағынан қайта қарады.