2019 жылдың 6-ақпан күні «Үміт» дағдарыс орталығының психологы Жазира Құрбаналиқызы балалармен көп кезеңді тренинг өткізді. Тренингтің мақсаты: жаңадан келген қызмет алушылардың орталыққа бейімделуіне көмектесу, ішкі эмоцияны шығару және онымен жұмыс жасау; әлеуметтік ортасына өз ойын жеткізе білу және жағымды атмосфера орнату. Тренингтің бірінші кезеңі Танысудан басталды.
Яғни орталықтағы балалардың мінез-құлқын бақылау, қандай қабілеттері бар екенің анықтау. 2-кезең «Ыстық орындық» деп аталады. Ойын шарты бойынша балалар ортада орындықта отқан балаға жағымды қасиеттерін айтады. Осылайша баланың сенімділігі артады. 3-кезең «Ым-ишара». Балаларға белгілі бір зат айтылады, сол айтылған затты мимика арқылы сол затты жеткізу керек. Бұл баланың фантазиясын дамып, ойын жеткізе алуына көмектеседі.