Астана қаласы әкімдігінің «Үміт» дағдарыс орталығына әр түрлі жастағы балалары бар әйелдер түседі. Орталықта қызмет алушылар 6 ай көлемінде тұрғандықтан, олардың маңызды мерекелері,салт жоралғылары бізде атап өтіледі. Бұл қызмет алушылардың жағдайын жақсартуға, күйзелістен арылуға ықпалдасады. Орталықта жиі өткізілетін қазақ халқының салт-дәстүрінің бірі тұсау кесер.
Тұсау кесер - бала ертерек жүріп кетсін деген ниетпен, жасалатын салт. Ол бала еңбектеуден, қаз тұруға (екі аяқпен тұруға) ауысып, жүруге жақын қалғанда жасалады.Баланың тұсауын кескен адам ширақ қимылдайтын, тез жүретін адам болу керек, себебі оның осы қасиеттері балаға сіңеді деп сенеді біздің халық. Осы дәстүр бойынша орталықта Азель есімді сәбидің тұсау кесу мерекесі өткізілді.