2018 жылдың 6-7 желтоқсан күндері Астана қаласында «Тиімді ынтымақтастық арқылы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу:дағдарыс орталықтарын дамытудың жаңа кезеңі» атты халықаралық конферециясы өткізілді. Конференция жұмысына ҚР Парламентінің депутаттары, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшелері, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері, еліміздің барлық өңірлерінен ҚР ІІМ арнайы бөлімшелерінің қызметкерлері, дағдарыс орталықтарының басшылары, сондай-ақ АҚШ, Германия, Австрия, Румыния, Италия, Черногория елдерінің халықаралық сарапшылары қатысты.
Қазіргі таңда әйелдерге жасалатын зорлық-зомбылықты алдын алу Қазақстандағы маңызды әрі күн тәртібіне қойылып отырған мәселе болып табылады. Бұл жиында Қазақстан отбысындағы зорлық-зомбылықты алдын алу, аймақтық деңгейдегі тұрмыстық зорлықты алдын алу, және дағдарыс орталықтарының тәжірбие алмасу сынды т.б тақырыптар қозғалды. Астана қаласы әкімдігінің «Үміт» дағдарыс орталығының директоры Куканбеков Галихан Ихсанұлы да бұл конференцияға қатысты. Орталықтың директоры зорлық-зомбылықты алдын алу бойынша өте көп ұсыныстар тастады. Конференцияға қатысушылар екінші күнгі жоспар бойынша «Үміт» дағдарыс орталығына барды. Галихан Ихсанұлы келушілерге экскурсияны өзі жүргізіп, орталықтың қызметімен таныстырды. Бұл экскурсияның мақсаты «Үміт» дағдарыс орталығының жұмыс барысымен танысу. Басқа дағдарыс орталықтарынан келген делегация мүшелері «Үміт» орталығы жайлы жақсы пікір қалдырды және біздің тәжірибемізді өз орталықтарында пайдалануға болатынын атап өтті.