Сенім телефондары

+7 7172 49-78-89

Email: centr_07_2013@mail.ru

Көңілді старт

Астана қаласы әкімдігінің  «Үміт» дағдарыс орталығында 2018 жылдың  16 желтоқсан күні  Тәуелсіздік күніне орай «Көңілді старт» атты  спорттық эстафета өтті. Мерекелік іс-шара Астана қаласының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мен «Мәдениет және спорт басқармаларының»  қолдауымен өткізілді.

Атаулы іс-шара «Желтоқсан» құрбандарын  еске алумен және балалардың Тәуелсіздікке арналған өлең шумақтарымен басталып,әрі қарай спорттық эстафетамен жалғасты. Дағдарыс орталығында тұратын балалар мен аналардан «Алтын күн» мен «Жас қыран» атты  екі команда кұралды.Командалар арасында көңілді, әрі тартысты ойын болды. «Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау» басқармасының басшысының орынбасары  Нұрғожина Сәуле Ордабайқызы мен  Орталық директоры Куканбеков Галихан Ихсанұлы мерекемен құттықтап , белсенді қатысушыларға  алхыс хат пен бағалы сыйлық табыстады.