Сенім телефондары

+7 7172 49-78-89

Email: centr_07_2013@mail.ru

Ана-өмірдің шырағы

2019 жылдың  6-наурыз күні "Үміт" Дағдарыс орталығында Халықаралық әйелдер күніне арналған "Ана-өмірдің шырағы" атты мерекелік концерт өтті. Орталық директоры әйелдер қауымын  Мерекемен құттықтады! Орталықтың қызметкерлері мен қызмет алушылары мерекелік ойын-сауық бағдарламасын дайындады.

Мерекелік іс-шараны дағдарыс орталығының балалары өлеңмен ашты. Балалардың өлеңдері бимен,әнмен, конкурстармен жалғасты.  Қызмет алушылар осы мерекелік іс-шараларға үлкен үлес қосты, жиналған қонақтарды мерекемен құттықтады, нөмірлерін дайындады. Соңында барлық қызмет алушылар көңілді әнге флешмоб биледі. "Добряков клубы" қайырымдылық қорының өкілдері біздің орталығымызға келіп, қызмет көрсетушілерге сыйлықтар сыйлады, және мерекелік дастархан ұйымдастырылды.