Сенім телефондары
+7 7172 49-78-89
+7 707 336 20 36
Email: centr_07_2013@mail.ru
2021 жылғы 19 қаңтарда Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің "Үміт" дағдарыс орталығы мәслихат депутаты Дакенов Е.Е. және Нұр-Отан партиясы Сарыарқа аудандық филиалының бірінші орынбасары Бағлан Ауғанбайқызымен кездесу ұйымдастырды.
Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің "Үміт" дағдарыс орталығында жоспар бойынша өртке қарсы оқу-жаттығулар өткізілді. Өрт дабылы сигналынан кейін мекеменің барлық қызметкерлері мен қызмет алушылары өрт сөндіру бөлімшелерінің көмегімен ғимараттан толығымен эвакуацияланды. Бұл оқу-жаттығудың мақсаты өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін өрт туындаған жағдайда орталық қызметкерлерінің іс-қимылын пысықтау болды.
Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы Конвенцияның ережесіне сәйкес жыл сайын "зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн"акциясы өткізіледі.Осыған байланысты Нұр-сұлтан қаласы Есіл ауданының ІІД қызметкерлері мен "Үміт" дағдарыс орталығының әлеуметтік қызметкерлері әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық мәселелері бойынша ақпараттық және ағартушылық қызмет ұйымдастырды.
2020 жылғы 13 қарашада Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның «зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы қарсаңында өткен жұмыс кеңесіне "Үміт" дағдарыс орталығының заңгері Дәулет Ғалымжанұлы да қатысты.
2020 жылдың 23-қазан күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Үміт" дағдарыс орталығында Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің мерекесіне орай концерттік бағдарламасы өтті.