2020 жылдың 23-қазан күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Үміт" дағдарыс орталығында Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің мерекесіне орай концерттік бағдарламасы өтті.
Іс-шарада "Үміт" дағдарыс орталығының қызметкерлері қала әкімі мен Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысының алғыс хатымен марапатталды. Мереке қарсаңында ұйымдастырылған "Мен-үздік қызметкермін" бейнероликтер байқауының нәтижесі жасалып, жеңімпаздарға ,оның ішінде:
3 орын: заңгер Зарина Дәулетқызы
2орын: медбике Гулзира Төребекқызы
1 орын: Светлана Әбдікамалқызына сыйлықтар мен диплом табыс етілді. Биылғы іс-шара қызметалушы әйелдердің белсене қатысуымен ерекшеленді. Олар қызметкерлерге ән арнап , би билеп, қолдан жасаған сыйлықтарын сыйлады.
Әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлерін шын жүректен құттықтаймыз!