Сенім телефондары

+7 7172 49-78-89

Email: centr_07_2013@mail.ru

Мәслихат депутаты Дакенов Е.Е.

2021 жылғы 19 қаңтарда Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің "Үміт" дағдарыс орталығы мәслихат депутаты Дакенов Е.Е.  және Нұр-Отан партиясы Сарыарқа аудандық филиалының бірінші орынбасары Бағлан Ауғанбайқызымен кездесу ұйымдастырды.

Аталған іс-шараға партиялық бақылау комиссиясының мүшелері де қатысты. Кездесудің мақсаты дағдарыс орталығының жұмысын көрсету және тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелерін көтеру. Дағдарыс орталығының директоры Г.Куканбеков орталықтың жұмысымен таныстырып, экскурсия өткізді.  Кездесу барысында денсаулық сақтау, білім беру, орталықта қызмет алушыларға тұрғын үй беру сияқты мәселелер қозғалды. Нәтижесінде қызмет алушылар өздерінің көптеген сұрақтарына жауап алды.