Сенім телефондары

+7 7172 49-78-89

Email: centr_07_2013@mail.ru

Бұлбұл мен Әтеш

2019 жылдың  2-сәуір күні Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің "Үміт" Дағдарыс орталығында "Өнер-өмір айнасы" қорының актерлері «Бұлбұл мен Әтеш» ертегісін қойды. Адамды ертегімен таныстыру оның өмірінің алғашқы жылдарынан басталады. Ертегі баланың ойын дамытады, қиялдауға үйретеді. Ал баланың қиялдары – бала тұлғасының толыққанды дамуының маңызды шарты, оның жан саулығының кепілі.

Ертегі тек қана өмір даналығын үйретіп қана қоймай, оны емдейді, музыканы түсінуге көмектеседі. Музыка баланы жақсылық әлеміне енгізеді. Орталықтың қызмет алушылары ертегіні үлкен қуанышпен қарап шықты. "Өнер-өмір айнасы" қорының актерлеріне және оның жетекшісі Кулова Күлән Жұмашқызына алғыс білдіреміз.