Сенім телефондары

+7 7172 49-78-89

Email: centr_07_2013@mail.ru

Зорлық-зомбылықсыз 16 күн

Жыл сайын 25 қарашадан 10 желтоқсанға дейін "Зорлық-зомбылықсыз 16 күн" Дүниежүзілік акциясы өткізіледі. Бірінші күн — Дүниежүзілік әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күрес күні, соңғы-халықаралық адам құқықтарын қорғау күні. Акцияның мақсаты-әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгездік көрсету проблемаларына қоғамның назарын аудару.

Акцияның мақсаты: зорлық-зомбылық мәселесі туралы халықты және жұртшылықты ақпараттандыру, оның әлеуметтік себептері мен салдарын ашу. Біздің қоғамымызда зорлық-зомбылық әрекеттеріне қатысты иммунитет қалыптастыру.

Акция аясында "Үміт" дағдарыс орталығының өткізген жұмыстары:

1) 2019 жылғы 27-қараша күні Нұр-сұлтан қаласының теміржол вокзалында әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық мәселелері бойынша ақпараттық және ағартушылық қызмет ұйымдастырылды.

2) 6-желтоқсан күні Нұр-сұлтан қаласындағы ірі сауда орталықтарының бірінде халықты ақпараттандыру өткізілді.

3) 8-желтоқсан күні "Хан Шатыр" сауда-ойын орталығында халықты қорытынды ақпараттандыруөтті.

Халықты ақпараттандыру бойынша жүргізілген барлық жұмыстарды дағдарыс орталығының қызметкерлері қалалық ІІД инспекторларымен бірлесіп жүргізді. Халыққа дағдарыс орталығы мен полиция қызметкерлерінің сенім телефондарымен брошюралар таратылды. Егер сіз әйелдерге бағытталған тұрмыстық зорлық-зомбылықтың куәгері болсаңыз, сіз сенім телефонына хабарласа аласыз.  Естеріңізге сала кетейік, "Үміт" дағдарыс орталығының сенім телефоны 49-78-89.