2019 жылы 26 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қала әкімдігінің "Үміт" дағдарыс орталығының бастамасымен орталыққа балалардың көңіл-күйін көтеру үшін аниматорлар шақырылды. Орталықтың аниматорлары @jasmina_prazdniki_astana қайырымдылық негізде балаларға ұмытылмас мереке ұйымдастырды.
Аниматорлар мультфильм кейіпкерлерінің бейнесінде балалармен ойнап, би билеп, көңіл көтерді,соңында барлық балаларға сыйлықтар табыс етілді. Әсем мереке үшін @jasmina_prazdniki_astana аниматорлар орталығына шын жүректен алғыс білдіреміз.