Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Үміт» дағдарыс орталығының ұйымдастыруымен 2019 жылдың 15-қыркүйек Аналар күні мерекесіне орай қызмет алушыларға «Әйел энергиясы» жайлы психолог, мотиватор Жанар Абадиқызының тренингі өтті. Тренингта әйел энергиясының қалай дұрыс қолданылуы, табысты болу үшін әйелдің бойында қандай қасиеттер болуы қажет, бала тәрбиесінде энергияны қалай бөлу керек деген тақырыптар қозғалды.
Психологтың тренингінің көмегімен «Үміт» орталығының қызмет алушылары өздерінің алдағы жоспарларын іске асыру үшін үлкен энергия мен мотивация алды. Қызмет алушылардың бейімдеу және оңалту жұмыстарына көмегін көрсеткені үшін психолог Жанар Абадиқызына алғысымызды білдіреміз.