Сенім телефондары

+7 7172 49-78-89

Email: centr_07_2013@mail.ru

«Сарыарқа»

2019 жылдың 25-қаңтар күні Астана қаласы әкімдігінің  Мемлекеттік академиялық филармониясының «Сарыарқа» халық музыка ансамбілі және халық әні бөлімінің әншілері «Үміт» дағдарыс орталығында өнер көрсетті. Қазақ ұлттық аспаптары-бұл тек тарихи мұра ғана емес, халықтың рухани даму деңгейінің көрсеткіші, оның рухани байлығы, эстетикалық талғамы.

Ансамбль мүшелері қазақтың музыка өнері арқылы қызметалушыларға күш-жігер дарытып, тарихымызды еске түсірді. Әншілер күміс-көмей дауыстарымен барлығына  әсем көңіл-күй сыйлады.  Мемлекеттік филармонияның әртістеріне алғысымызды білдіреміз.