Сенім телефондары

+7 7172 49-78-89

Email: centr_07_2013@mail.ru

Сұлулық-әлемді құтқарады

2019 жылдың 29-қаңтарда Астана қаласы әкімдігінің "Үміт" Дағдарыс орталығында стилист имиджмейкер Наурызова Калиманың шақыртылуымен  "Сұлулық-әлемді құтқарады" атты мастер-класс өтті. Іс-шараның мақсаты: дағдарыс орталығының қызмет алушыларының өзін-өзі бағалауын арттыру, өз-өзіне деген құрметі мен сүйіспеншілігін арттыру. Іс-шара барысында қызмет алушылар арасында шағын-тренинг өткізілді. 

Стилист шаш  күтімі бойынша ұсыныстар берді. Іс-шара жағымды нотада және достық атмосферада өткендіктен қызметалушылардың ішкі жан дүниесінің ашулуына мүмкіндік туды. Қызметалушылардың өтініштері бойынша осы іс-шара ай сайын өткізілетін болды.