30.01.2019 жылы "Үміт" дағдарыс орталығының психологы Баян Файзуллақызы қызметалушылардың өзін-өзі бағалауын, қабілеттерін анықтау мақсатында "Менің күшті жақтарым"тақырыбында тренинг өткізіді. Психолог тренингті жіптің түйнегін қолдану арқылы өткізді. Кіріспе бөлімінде қатысушылар жіп түйнектерін бір-біріне лақтыру арқылы, өздерінің жақсы жақтарын атады. Бұл қызметалушылардың өзін-өзі бағалауын күшті және әлсіз жақтарын диагностикалауға мүмкіндік берді.
Тренингтің практикалық бөлімінде қатысушылар жіп түйнегін басқа қатысушыға беріп,оның жақсы жақтарын атайды. Осылайша қызметалушылар өз атына көптеген әдемі сөздерді естіді. Практикалық бөлімнен кейін үшінші тапсырмамен олар бір-бірінен қандай қасиеттер мен дағдыларды алғысы келетіндігін айту болды.