Сенім телефондары

+7 7172 49-78-89

Email: centr_07_2013@mail.ru

Сурет салу

Көптеген  балалар суретті сүйсініп салады. Кішкентай кезде бұл – сызықтар мен шимайлар, ал кейін суреттер әлдебір мағыналы нәрсеге айналады. Кейбір жайсыдықтарға қарамастан - төгілген бояулар, кір болған жейделер, ата-аналар баланың шығармашылығына оң көзбен қарайды. Шыныменде, балаларға да, үлкендерге де сурет салу тек қана қызықты емес, сонымен қоса пайдалы процесс.

        Бұл баламен  бірлесіп жұмыс жасаудың тамаша мүмкіндігі, жағымды эмоциялар мен кері байланыстың қайнар көзі.Сүрет сала отырып, сәби айналасындағын саралауға жане салыстыруға үйренеді. Ал бір нәрсені сала отырып, есте сақтау қабілетін арттырады.Кез келген шығармашылық жұмыс бұл – өз болмысынды көрсетудің құралы. Кішкентай балалардың барлығы және әр уақытта ойын сөзбен жеткізе алмайды. Бояулар мен бір бет қағаз – өз эмоцияларын мен сезімінді жеткізудін тамаша әдісі.Сондықтан Орталықтың тәрбиешілері суретті  балаларға жиі салғызады.