Сенім телефондары

+7 7172 49-78-89

Email: centr_07_2013@mail.ru

"Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күніне"

2018 жылдың 24 қазан күні "Үміт" дағдарыс орталығында "Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күніне" орай мерекелік шара өтті. Шараның басты мақсаты әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлерінің еңбегін елеп ескеру. Концерттің басы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысының орынбасары Нургожина Сәуле мен Орталық директоры Куканбеков Галиханның құттықтау сөзімен басталды.

Мерекелік шара қызметалушы әйелдер мен балалардың орталықтың ұжымына айтылған өлең шумақтарымен жалғасты . Әрі қарай Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасының қолдауымен шақырылған әншілер, театр әртістері  өз өнерлерін  көрсетті.  Астаналық цирк пен филармонияның әртістеріде  өнер көрсетті. "Наз би" театрынан келген өнерпаздар концерттің сәнін одан сайын келтірді. Мерекелік шарада жыл бойы жақсы қызмет атқарғандарға Астана қаласы әкімінің және "Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы" Оспанов Ермек Сабырбекұлының атынан алғыс хат табыс етілді.