Сенім телефондары

+7 7172 49-78-89

Email: centr_07_2013@mail.ru

«Біз біргеміз- және бұл керемет»

«Үміт»  дағдарыс орталығында  2018 жылдың 10- қазан күні «Біз біргеміз- және бұл керемет» атты тақырыпқа қызметалушы балаларға арналып  психолог  Ж.Қ Сұлтанбекованың тренингі өткізілді. Тренинг бірнеше бөлімнен тұрады. Олардың әрқайсысы белгілі бір мақсатқа ие арнайы ойындар жиынтығы болып табылады.

Ойын барысында балалар әлемді танып қоймай, қарым қатынас пен өзара кері пікірдің арқасында адам психологиясымен танысатыны ешкімге құпия емес. Психологиялық ойындар баланың дамуына қажет, және өте пайдалы.

 Бала тәрбиесінде әр түрлі психологиялық мәселелер туындап жататыны ата-аналарға мәлім. Балалар түсінбеушіліктен, үрейден немесе қарапайым ұялшықтықтан ересектерден кем емес зардап шегеді. Тренинг осындай салғырттықтан туындайтын мәселелерді шешуге арналған.