2018 жылдың 19 шілде күні Астана қаласы әкімдігінің «Үміт» дағдарыс орталығы» Ішкі істер департаментімен бірлесіп, халықтың назарын тұрмыстық зорлық- зомбылық мәселелері жайлы, отбасындағы қатыгездіктің алдын-алу мақсатымен профилактикалық акция өткізді. Жоспарланған іс-шаралар барысында мамандар осы мәселерді шешудегі әлеуметтік көмек түрлері және қызмет көрсету мекемелері туралы баяндап, түсіндірді.
Сонымен қатар, «Зорлық-зомбылықсыз отбасына «Иә» деп айтыңыз» атты, зардап шеккен және бей-жай қарамайтын азаматтар үшін, отбасыдағы зорлық-зомбылықтың алдын-алу бойынша буклеттер таратылды.