Оқу немесе естудегі талдау процессінде балалардың қиялы мен аналитикалық қабілеттерін дамыту үшін орталықтың психологы ертегі терапиясын пайдаланады. Алдымен, дене және қол қозғалыстарымен Жазира Құрбаналиқызы балаларға ертегі кейіпкерлерін көрсетіп түсіндірді, арнайы костюмдерді кигізді. Дене қимылдарын үйренгеннен кейін ертегіні балалар өздері көрсетіп айтуға тырысты. Басында қиын болғанымен, соңына келе балалар қойылымды түсініп барлық тапсырмаларды орындап шықты, үлкен эмоцияға кеңелді.